МЕКТЕПТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

 


Бұл мектеп осы ауылда алғаш бастауыш сынып болып 1960 жылы ашылған. 1962 жылы негізгі орта мектепке, ал 1965-1966 оқу жылында орта мектепке айналған. Осы мектеп құрамынан 1967 жылы №6 орта мектебі, 1968 жылы №2 орыс орта мектептері бөлініп шыққан. Мектептің алғашқы ғимараты қазіргі білім беру бөлімінің қасында ашылған. 1962 жылы қазіргі базар жанындағы баракқа орналасқан. 1967 жылы оның батыс жағына қосымша ғимарат салынған (қазіргі СЭС мекемесі). Ал қазіргі ғимарат 1975 жылы қараша айында пайдалануға берілген 784 орынды жаңа типтік орта мектеп. 2006 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

 

zero!