Мектептің танымал түлектері

Иманбаев

Бақыт Алтайұлы


     1963 жылы 23 қарашада Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында туған. . Ол – Маңғыстауда өндіріс саласын дамытуға ерекше ұлес қосқан азамат.

Бақыт Алтайұлы жоғары білімді, Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Бақыт Алтайұлының қызметтері:

Ол «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлык қоғамына қарасты «Қаламқасмұнайгаз» басқармасында орталық мұнайгазөндіру өндірісінде мұнайгазөндіру операторы,  шебері, технологы,  бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды;

– 1998-2004 жылдарда Қаламқасмұнайгаз» орталық мұнайгазөндіру өндірісінде және ПРЦЭО, ЦИТС-тің бастығы;

– 2004-2007 жылдарда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлык қоғамына қарасты «Жетібаймұнайгаз» басқармасының бастығы;

– 2008-2011 жылдарда «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ына қарасты «Жалғызтөбемұнай» ЖШС-інде техникалық директор;

– 2011-2013 жылдарда «ҚазМұнайТеңіз» акционерлік қоғамының Ақтау филиалының директоры;

– 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары;

– 2013-2015 жылдарда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлык қоғамы бас директорының бірінше орынбасары;

– 2015 жылдың 25 қарашасынан Маңғыстаумұнайгаз» акционерлык қоғамы бас директоры болып қызмет істеп келеді.



Жолдасов

Ұлықпан Мырзабайұлы

Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында туған.

Ұлықпан Мырзабайұлының 300-ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова, «Нұр-Мұқасан» дуэті орындауындағы бұл әндердің көбісі тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Махаббат маусымы» әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Ұлықпан Мырзабайұлының шығармашылығы:

Жеке жобаларымен Қытай, Моңғолия және Швецияда өнер көрсетті. 2015 жылы әлемдік музыкалық студиямен келісім-шарт жасалып, Ұлықпан Жолдасов Швеция астанасы Стокгольмде екі ай көлемінде жұмыс жасап, әлемге әйгілі музыкалық продюсер Niklas Olsson композитордың авторлық әндерін өңдеп, өз студиясында жазып шықты.

2016 жылы 14 ақпанда Астана қаласы «Қазақстан Орталық концерт залында» композитордың «Өмір-өзен» атты композиторлық кеші өтті.

Ұлықпан Мырзабайұлының марапаттары:

– 2013 жылы «Маңғыстау облысына - 40 жыл» мерейтойлық медалі;

– 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті белгісі;

– 2016 жылығы 5 желтоқсанындағы Елбасының жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

– 2016 жылы Маңғыстау облысының «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Ұлықпан Мырзабайұлының отбасы:

– жары Айған Сайлаубайқызы;

– қызы, эстрада әншісі Фарида Жолдасова;

– ұлы, музыкант Болат Жолдасов. 



Аманшаев Ермек Әмірханұлы

Ермек Әмірханұлы Аманшаев (12.03.1963 ж.) Шымкент облысы Мақтаарал ауданы «Политотдел» кеңшары) - Астана қаласы әкімінің орынбасары, Филология ғылымдарының кандидаты (2005), жазушы, драматург.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргөн (1985), филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Әдеби образ құрудың рухани және көркем көздері».

10-нан астам ғылыми еңбектің; «Песень мотылька» (2001), «Албасты туралы аңыз» (2002) кітаптарының; «Үзілген әлди» (1991, Халықаралық жас драматургтер байқауының жүлдегері, Мәскеу қаласы), «Төбенің ар жағында, жер жаннатында», «Балкон» пьесаларының; Ф. Кафка бойынша «Превращение», «Сұлтан болсам ендеше» (С.Ваннус бойынша),«Аладдин және сиқыршы» инсценировкаларының; бірқатар деректі фильмнің авторы. Әдебиеттану, әдебиет теориясы, қазіргі заманғы қазақ әдебиеті бойынша 20-дан астам мақала мен жарияланымның авторы.

Қазақ және орыс тілдерін жетік біледі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Мәдениет қайраткері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Әскери атағы - запастағы капитан.

Үйленген. Жұбайы – Шоманова Айгүл Әсетқызы (1956 жылы туған). Ұлдары - Әлішер (1985 жылы туған), Ерлан (1987 жылы туған), Ескендір (1995 жылы туған).


Ибраев

Бақыт Таңбайұлы 

 1981 жылғы №1 орта мектеп түлегі.

Кеден қызметінің подполковнигі. Ақтау теңіз портында, Бейнеу, Маңғыстау, Жаңаөзен кеден бекеттерінде және облыстық кеден басқармасында бөлім бастығының қызметтерін атқарды. Еңбек жолын дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып бастап, аудандық білім бөлімінде спорт әдіскері, Жастар ерікті спорт қоғамында төраға орынбасары, спорт мектебі директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда облыстық дене тәрбиесі және спорт орталығында директор қызметін атқаруда. Бірнеше мәрте ҚР спорт миистрлігінің марапаттар иегері. 






Дүйсенов

Жасұлан  Сабырұлы

  11.04.1967 жылы Маңғыстау облысы, Ералиев ауданы, Ералиев поселкесінде  дүниеге келген.

1974  жылы № 1  орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепті 1984 жылы бітірген.

1990-1994 жылдары «Аудандық жасөспірім және балалар спорт» мектебінің жаттықтырушысы болып жумыс жасады.

1994 жылдың  қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің  қатарына шақырылып, Маңғыстау облысы Қорғаныс Істері жөніндегі Департаментінде әскери  қызмет атқарды,  Әскери шені – полковник.

-2003-2005 жылдар аралығында Түпқараған ауданының әскери комиссары;

-2006-2008 жылдарында Жаңа Өзен қаласының;

-2008-2011 жылдарында Ақтау қаласының әскери комиссары;

-2011жылы  06.2014 дейін Департамент бастығының бірінші орынбасары;

-06. 2014 бастап 09. 2015 жылға дейін Департамент бастығының міндетін атқарған.

Қазіргі таңда запастағы зейнеткер. Қосымша «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» бастығының  орынбасары.

Наградалары:

-2002 жылы Қорғаныс Министірінің;

-2003 жылы  Қорғаныс Министірінің бірінші орынбасары Бас Штаб бастығының Құрмет грамотасымен;

-2007 жылы Жаңа Өзен қаласы әкімінің  және 2011 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен;

-Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің  10, 20 және 25 жылдығына 2005 ж, 2010 ж, және 2017 жылы 3-ші, 2–ші,  1-ші дәрежелі «Мінсіз Қызмет үшін» медальдарымен марапатталған.

Жанұялы, 4 баласы бар.

Құлсариев

Сатбай Орынұлы

   29.03.1960 жылы Маңғыстау облысы, Тұщыбек селосында көпбалалы отбасында дүниеге келді. 1977 жылы қазіргі Қарақия ауданы, Құрық кентіндегі №1 орта мектепті бітірді.

  1979 жылдың 25 желтоқсанында Ауған жеріне Кеңес әскерінің кіргендігі туралы хабарды естиді. 1980 жылы қыстың ортасы –ақпанда Ауған жеріне аттанады.  Ауған жерінде 1981 жылдың қаңтарына дейін болады. Ауған жеріне елге аман –есен оралған Сатбай Орынбайұлы Гурьев политехникалық колледжін 1983 жылы «Автомобиль жөндеу» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы Қорқыт- Ата атындағы жоғары оқу орнын  автомобиль және автомобиль кәсібі бойынша бітіріп,  инженер –механик мамандығын алып шығады.

  Қазіргі таңда ӨМГ саласының ХжЭБ- да механик қызметінде.

Жаңаөзен қаласы «Ауған соғысы ардагерлер» қоғам бірлестігінің төрағасы және «Мұнайшы шапағаты» жеке қайырымдылық қорының директоры болып қосымша жұмыстар атқарып жүр.

Жанұясында 6 баланың әкесі, 7 немеренің атасы. 


Ордабаев

Мир Қылышбекұлы

 24.11.1960 жылы  Маңғыстау облысы, Форт- Шевченко қаласы, Қызыл- Өзен селосында дүниеге келген.

1968-1978 жылдарда  қазіргі Қарақия ауданы Құрық ауылының №1 орта мектебінде білім алған.

1977 жылы  Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Ауғанстан жерінде  әскери қызметін атқарған. Жауынгер- интернационалист.

1979 жылы желтоқсан айында әскери тарихында болмаған  Памир тауынан  биік шыңдарынан өту жорығына қатысқан. Ең биік 11 шатқалдан өтіп  Ауғанстан елінде әскери қызметін бастау жолында 300 шақырым соғыспен жүріп, өтіп  28- қаңтарда Бадахшан елді мекенінің астанасы  Файзабат қаласына жеткен. 

860- арнайы атқыштар полкында 1981 жылы әскери борышын өтеп елге оралған.

Қазіргі таңда 4 баланың әкесі, 11 немеренің атасы атанып, бақытты шаңырақтың ақылшысы болып отыр. 


Оңайбаев

Айдарбек  Олжабайұлы

 1966 жылы туылған №1 орта мектепте 1973-81 жылдары оқыған. Мектеп қабырғасында жүріп  музыка мектебінде «домбыра» класы бойынша Аяпбергенова Балғанымда дайындық сыныбынан өткен. 1981-86 жылдары Шымкент музыка училищесінде «труба» класында дәріс алған. Бүгінде облыстық М. Өскінбаев атындағы филоармониясы жанындағы  «Ақжарма фольклорлық» ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты. Мәдениет  саласы қызметкерлері саласындағы  «Үздік мәдениет қызметкері-2015» номинациясының иегері, бірнеше күй-поэма, ән-күй, шығармалардың авторы.







Ордабаев

Ербол Өтесбекұлы

 1975 жылы Ералиев поселкесінде дүниеге келген. 1982-1992 жылдары аралығында №1 орта мектепте оқыды.

 Алғашқы еңбек жолын 1995-2001 жылдары №1 орта мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып бастады. 2000 жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің дене шынықтыру мәдениеті мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2001-2005 жылдары Аудандық білім бөлімінде дене тәрбиесі, алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскекрі болып жұмыс жасады. 2002 жылы Орталық Азия университетіне түсіп 2009 жылы осы аталған университеттің бакалавриатының толық курсын бітіріп шықты. 2005 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта Қарақия аудандық БЖСМ-нің директоры лауазымында қызмет атқарып келеді.

Жанұялы, отбасында  үш қызы бар.



Сабитова

Дина Жаумбаевна

 1967 жылы 12 қарашада Маңғыстау облысы, Ералиев ауданы, Ералиев поселкесінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1984 жылы №1 орта мектепті бітіргеннен кейін еңбекке араласып, 1985 жылы Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орнының дайындық курсына оқуға орналасты.

1986 жылы Мәскеу полиграфиялық институтына түсіп, ауысу тәртібімен 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, экономист мамандығын алған.

Жоғары білім алғаннан кейін, 1995 жылдың маусым айында Қарақия аудан әкімі аппаратына ішкі саясат жөніндегі бас маман қызметіне орналасты. 2006 жылдан бастап  ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы болып 2011 жылғы дейін жұмыс атқарды.

2012 жылы Қарақия аудандық жастар орталығына директор болып тағайындалып 2015 жылға дейін қызмет атқарды.

2015 жылы Қарақия аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Маңғыстау облысының мемлекеттік басқару органдарындағы адал еңбегі үшін 2010 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2013 жылы Қарақия ауданының 40 жылдық медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы төс белгілерімен марапатталды. 


Сдықова

Гүлнар Құлбошқызы

 1970 жылы тамыз айының 15 күні, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Құрық селосында (бұрыңғы Ералиев ауд., Ералиев пос.) дүниеге келді.

  1977-1987 жылдары Ералиев поселкесіндегі №1 орта мектепте оқып, бітіріп шықты.

1997 жылы Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы университетіне түсіп, тарих мамандығы бойынша 2002 жылы бітіріп шықты.

  1998 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдын маусым айына дейін Құрық ауылындағы №6 орта мектепте мұғалім, тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары болып қызмет атқарды.

  2004 жылдын маусым айының 21-нен бастап Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатының Қарақия филиалының, 2009 жылдың ақпан айының 10-нан бастап Қарақия ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры болып қызмет атқаруда.

2008 жылы Маңғыстау мұрағат қызметінің 85 жылдығына арналған облыстық байқауда Облыстық мемлекеттік мұрағатының филиалдары арасында «Құжаттау мен ведомостволық сақтау сатысында құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырудың үздігі» номинациясы бойынша  ІІІ орынды иеленді.

2011 жылы Маңғыстау обылысы әкімінің «Маңғыстау облысының мұрағат ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.


 

Жарияланған күні: 29-05-2018  

Соңғы жаңалықтар

Ақпарлама

...

18 қыркүйек 2019
«Құрық ауылының №1 орта мектебі»

«Құрық ауылының №1 орта мектебі» КММ –де 31 мамыр – саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу  күні ...

16 мамыр 2019